Жылу нарығындағы өзгеріс: Павлодарлық кәсіпкерлер кіммен шарт жасасады?

Жылу нарығындағы өзгеріс: Павлодарлық кәсіпкерлер кіммен шарт жасасады?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қызмет көрсетуші мекеменің ауысуына байланысты құжаттарды қайта рәсімдеу процесі жүріп жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Павлодарэнергосбыт» ЖШС 2025 жылғы 1 шілдеден бастап жылумен жабдықтау жөніндегі қызметтерін жаңа жеткізуші – «Павлодарские тепловые сети» ЖШС-не тапсырды. 

Осыған байланысты барлық коммерциялық тұтынушыларға 2026 жылғы 9 қаңтардан кешіктірмей жылу энергиясымен қамтамасыз ету қызметіне арналған жаңа шартқа қол қою қажеттігін хабарлаймыз. Жаңа шартта тұтынылған жылу энергиясының ақысын төлеуге арналған өзгертілген реквизиттер көрсетіледі. Сондықтан төлемдердің дұрыс жүргізілуі үшін құжатты уақытылы рәсімдеу маңызды, – деді «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметі.

Келісімшартқа Кривенко көшесі, 27 мекенжайы бойынша орналасқан шарттық қызмет жөніндегі сектордың 101/3 кабинетінде қол қоюға болады. Мамандар жұмыс күндері сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін (түскі үзіліс 12:00-ден 13:00-ге дейін) қабылдайды.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда мына телефон нөмірлері арқылы кеңес алуға болады: 8 (7182) 39-96-99, 39-96-69, 39-98-65, 39-98-20, 39-98-85.