Павлодарда кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Павлодарда кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Фото: Константин Шелков

Павлодарда 17 қазанда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Тұрғындар азық-түлік өнімдерін делдалсыз, тікелей өндірушілерден қолжетімді бағамен сатып ала алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Жәрмеңке Торговая көшесі, 2А мекенжайында, Космонавтар және Торговая көшелерінің қиылысында  Jailau базарында өтеді.

Саудаға Аққулы, Ертіс, Успен, Павлодар аудандарының және Павлодар қаласының тауар өндірушілері қатысады.

Сонымен қатар, сенбі күндері осындай жәрмеңкелер Екібастұз және Ақсу қалаларында, сондай-ақ облыстың 10 ауданында ұйымдастырылады.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің негізгі мақсаты – тұрғындарды сапалы отандық өнімдермен қолжетімді бағамен қамтамасыз ету және азық-түлік бағасын тұрақтандыру.

Павлодар облысының өнімдері Астанада да сатылады. 

17–18 қазанда Астанада Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарының тауар өндірушілері қатысатын ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

Павлодар облысының өндірушілері елорда тұрғындарына 110 тонна ет және ет өнімдерін, 440 тонна көкөніс, 17 тонна сүт өнімдерін, 24 тонна бакалея тауарларын, 14 тонна балық, 10 тонна бал және 100 мың дана тауық жұмыртқасын ұсынады.

Жәрмеңке тұрғындарға отандық өнімдерді делдалсыз, қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік береді.