Павлодарда бірінші сынып оқушыларына жолдан қауіпсіз өту үйретілді
Балалар бағдаршам белгілерін қайталап, жаяу жүргіншілерге арналған негізгі ережелермен танысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, №24 мектепте бірінші сынып оқушылары үшін «Жаяу жүргінші болуға арнау» атты танымдық іс-шара өтті.
Сабақты патрульдік полиция батальонының қызметкерлері «Павлодар дарыны» балалардың дарындылығын дамыту және жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп ұйымдастырды.
Полицейлер балаларға жолды қай жерден және қалай дұрыс кесіп өту керектігін түсіндірді. Оқушылар бағдаршамның әр түсінің мағынасын қайталап, жолдан өтер алдында айналаға назар аудару қажеттігін үйренді.
Кездесу сұрақ-жауап түрінде де өтті. Бірінші сынып оқушылары түрлі жағдайларда қалай әрекет ету керектігін айтып, жол қозғалысы ережелері бойынша білімдерін тексерді.
– Жолда әрдайым мұқият әрі сақ болу керек. Жол қозғалысы ережелерін сақтау өз қауіпсіздіктеріңіз үшін маңызды, – деді Павлодар қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны қызметінің аға инспекторы Ерганат Жаралдинов.
Іс-шара балалардың жолдағы қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.