Павлодарда шомылу маусымы қашан басталады?

Ертіс өзеніндегі жағдай былтырғыдай, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Қадыржан Нәскеновтің айтуынша, облыста 47 жағажай бар, оның 27-сі – мемлекеттік, 20-сы – жекеменшік.
Өткен жылы Ертіс өзеніндегі су деңгейі Бұқтырма су қоймасынан су жіберуге байланысты су деңгейі көтерілгендіктен, Усолка мен орталық жағажайда шомылу маусымы 15 маусым айында жарияланған болатын.
Қазір Павлодар жағалауындағы жағдай бұрынғыдай – су баспалдаққа дейін жетіп, бүкіл жағажайды шайып жатыр.
– Қазіргі уақытта су тартылып жатыр. Өзеннің керекті деңгейіне келуін күтіп отырмыз. Содан кейін ғана жағажайлардың түбін тазалап, басқа да шараларды қолға аламыз, – дейді Қадыржан Нәскенов.
Ертіс темір заттардан, шыныдан, тастардан, шөгінділерден, бұтақтардан және басқа да қоқыстардан тазартылады. Осыдан кейін коммуналдық қызметкерлер қалтқымалар мен мұнаралар орнатады.
Басшының айтуынша, шомылу маусымы жаздың алғашқы айдың басында басталады, бұл өткен жылғыдан әлдеқайда ерте.
Бұған дейін Pavlodarnews.kz тілшісі қазір өңірде шомылуға қауіпті су қоймаларының саны көбейгені туралы хабарлаған болатын. Өткен жылы 2GIS қосымшасына осындай 43 нысан қосылса, биыл 129 қауіпті су қоймасы қосылмақ.