Павлодарда кішкентай қыз балабақшадан жарақатпен оралды

Павлодарда кішкентай қыз балабақшадан жарақатпен оралды
pexels.com

Оқиғаға қатысты қазір тексеру жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Әлеуметтік желіде кішкентай қыздың маңдайы көгерген және түрлі жарақаттары бар суреттері тарады. Онда автор оқиғаның 14 қыркүйек күні болғанын жазған.

Анасы балабақшадан оралған қызының көгерген жерлерін байқаған. Бүлдіршінді дәрігерлер тексеріп, үш жерінде ісік бар екенін растады.

Өкінішке қарай, жеке балабақшада жөндеу жүргізіліп жатуына байланысты бейнекамералар жұмыс істемейді. Бірақ мекеме қыздың құлап қалғанын растаған.

Жәбірленушінің анасы полицияға арызданған. Оның өтініші облыс орталығының солтүстік полиция бөлімінде тіркелді. Тәртіп сақшылары тексеру жүргізіп, болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтайтын болады.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Нәтижесі бойынша шешімі қабылданатын болады.