Серуендегісі келген: Павлодарлық тұрғын көпірдегі көлікті айдап кеткен

Серуендегісі келген: Павлодарлық тұрғын көпірдегі көлікті айдап кеткен
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Автомашина коммуналдық тұраққа қойылды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 102 операторларының пультіне қала тұрғынынан автомобиль көпірінен белгісіз біреудің «Митсубиси» маркалы автокөлігін ұрлап кеткені туралы шақыру түскен. 

– Дереу ұстау жоспары енгізілді, бағдарлау барлық полиция бекеттеріне берілді. Жұмыс барысында Успен трассасында кетіп бара жатқан ұқсас көлік байқалды. Полиция Лозовое ауылының маңында автокөлікті ұстап, күдікті құрықталды, – деді департаментте. 

Аталған факті бойынша тергеу жүргізілуде. Ер адам өз кінәсін мойындап, көлікпен серуендегісі келгенін айтқан.