Павлодарлық филормония қызметкерлері музыкалық челлендж бастады
Аталған челлендж Домбыра күні мерекесі аясында ұйымдастырылуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Иса Байзақов атындағы облыстық филармонияның бас редакторы Сәуле Мұқаеваның айтуынша, челлендж 30 маусымда басталған.
– Біз қазақтың халық күйшісі, сазгер Құрманғазы Сағырбайұлының әйгілі «Адай» шығармасын таңдадық. Челленджді Естай атындағы мәдениет үйінің «Әл-Ақи» ансамбліне жолдаймыз, – дейді Сәуле Мұқаева.
Музыкалық эстафетаға кез келген топ немесе орындаушы қатыса алады.
Еске сала кетейік, 2 шілде күні сағат 20:00-де Ertis Promenade сахнасында «Ұлы дала үні» музыкалық фестивалі өтеді. Шара Естай Беркімбайұлының 155 жылдығы мен Иманжүсіп Құтпанұлының 160 жылдығына арналады.