Павлодарда «Мал ұрлаушы» рейдінде жүзден аса көлік тексерілді
Полицейлер мал мен ет өнімдерін тасымалдау және өткізу орындарын бақылауға алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Жаслан Танжановтың мәліметінше, «Мал ұрлаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында мал және ет өнімдерін тасымалдаған 113 автокөлік, 65 өткізу орны және 157 шаруа қожалығы тексерілді.
Полицейлердің айтуынша, мұндай шаралар өңірдегі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, мал шаруашылығы саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және заң талаптарының сақталуын күшейтуге бағытталған.
Департамент мал иелерін қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырып отыр. Ведомство дерегінше, ұрлықтың басым бөлігі қараусыз қалған немесе сәйкестендірілмеген малға қатысты тіркелуде.