Екібастұздықтарға есірткінің зияны туралы еске салды
Есірткіге қарсы науқанға қала жастарын тартты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Жастар есірткісіз болашақ үшін» іс-шарасына қаланың ұлдары мен қыздары қатысты. Науқанды тәртіп сақшылары «Антарес А» қоғамдық қоры және қалалық Жастар бастамаларын дамыту орталығымен бірлесіп ұйымдастырды.
– Бүгінгі акцияның мақсаты – жасөспірімдер мен жастарды тыйым салынған заттарды қолдануға және таратуға тарту мәселесіне жұртшылықтың назарын аудару, сондай-ақ халықтың, әсіресе өскелең ұрпақтың есірткіге қарсы мәдениетін қолдау. Бастамаға қатысқан және қолдаған әрбір адамға рақмет. Біз бірге көп нәрсе жасай аламыз, – деді Екібастұз қаласының Жастар бастамаларын дамыту орталығының басшысы Еркін Құсан.
Қатысушылар есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымы саласындағы заңсыз контенттерді насихаттайтын граффити-жазулар табылған жағдайда азаматтарды іс-әрекеттер туралы хабардар етуге арналған стикерлер таратты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram