Павлодар журналистері байқауға шақырылады

«ҮРКЕР-2025» сыйлығына өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылып отырған байқауға медиаконтентті өндіру және тарату саласында жұмыс істейтін республикалық және өңірлік радиостанциялар, баспа және интернет-басылымдар қатыса алады.
Қатысушылар 2024 жылғы 12 тамыз бен 2025 жылғы 30 қыркүйек аралығында республикалық немесе өңірлік баспа және интернет-басылымдарда жарық көрген, не радио эфирінде шыққан жұмыстарын ұсынуы тиіс. Әр қатысушы екі номинациядан артық материал жібермеуге міндетті.
Өтінімдер urker-awards.kz ресми сайтында төмендегі он бір номинация бойынша қабылданады:
- «Жылдың үздік сұхбаты»;
- «Жылдың үздік репортажы»;
- «Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал»;
- «Жылдың үздік журналистік зерттеуі»;
- «Жылдың үздік талдамалық материалы»;
- «Радиостанциядағы үздік жоба»;
- «Жылдың үздік фотосуреті»;
- «Жылдың үздік жаңалықтар порталы»;
- «Жылдың үздік өңірлік БАҚ-ы»;
- «Жылдың үздік подкасы»;
- «Жылдың үздік YouTube арнасы».
Конкурстық жұмыстарды белгілі журналистер, сала ардагерлері мен медиасарапшылардан құралған тәуелсіз қазылар алқасы бағалайды.
Әр номинация жеңімпазына «ҮРКЕР-2025» естелік мүсіншесі және 1 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйлық табысталады.
Өтінімдер қабылдау мерзімі – 2025 жылғы 1–20 қазан аралығы.