Павлодарда мас жүргізушілер жазаланды
Құқық бұзушылар үшін сот тағы бір жаза тағайындайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, патрульдік полицейлер құқығынан айырылып, көлік жүргізген екі мас жүргізушіні ұстады.
– Заря ауылындағы патрульдік полиция нарядының назарына «Ауди-80» автокөлігінің жүргізушісі түсті, оның жүруі күдік туғызды. Сот жүргізушіні 2023 жылдың қаңтарында көлік құралдарын жүргізу құқығынан жеті жылға айырған. Алайда, бұл оған тағы қателік жасауға кедергі болмады. Құқық бұзушы қайтадан мас күйінде рөлге отырып, өзіне және жол қозғалысының басқа да қатысушыларына қауіп төндірді, – деді Павлодар облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі бастығының міндетін атқарушы Руфат Кенжин.
Сонымен қатар, Павлодарда тәртіп сақшылары Малайсары батыр көшесінде мас күйінде скутер жүргізген жүргізушіні тоқтатқан. Сот жүргізушінің 2021 жылдың желтоқсанында көлік құралдарын жүргізу құқығынан алты жылға айырылғанын анықтады.
Екі жүргізушіге де медициналық куәландыру арқылы алкогольдік мас болу диагнозы қойылған. Көлік құралдары мамандандырылған тұраққа қойылды.