Екібастұзда балалар арбаларының шеруі өтті

Екібастұзда балалар арбаларының шеруі өтті
Фото: pexels.com/ru

«Бала арбалары шеруі-2024» байқауы «Қайнар»  білім беру кешенінде ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

«AMANAT» партиясының қолдауымен және «Екібастұз» балалар қоры қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілген отбасылық мереке қаланың кішкентай тұрғындары мен олардың ата-аналары үшін тамаша іс-шараға айналды. Қатысушылар бала арбаларының таңғажайып түрлерін әзірлеп, өз қиялдарынан шыққан ерекше үлгілерді ұсынды.

Шеру өте көңілді атмосферада өтті, жас сәбилерді тасымалдайтын әрбір көлік құралы нағыз өнер туындысы болып көрінді. 

Қазылар алқасының пікірі бірауыздан қабылданып, байқауға қатысқан барлық бала жеңімпаз деп танылды. Демеушінің сыйлықтары аталмыш мерекені одан әрі көріктендіріп, балаларды қуантып тастады.