Павлодарлықтардың қысқа дайындығы қалай
Көппәтерлі үйлер тұрғындары дайындық барысын өздері бақылай алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімінің өкілдері басқару формасын таңдаған үйлердің жылыту маусымына дайындығы анағұрлым жақсы болады дейді. Солардың бірі Айманов, 38 мекенжайы бойынша орналасқан. Мұнда жылу торабы толығымен жаңартылуда.
- Барлығын пәтерақысына қатысты тарифтен түсетін қаражатқа жасаймыз: материалдар сатып алып, дәнекерлеруші мен сантехниктерді жалдаймыз. Жұмыстарды өздеріміз бақылаймыз. Жұмыс нәтижесінде барлық есеп-қисапты әзірлеп, үйдің тұрғындары алдында есеп беремін, - дейді «Айманов, 38» қарапайым серіктестік сенімді өкілі Юлия Мухина.
Оның сөзіне қарағанда, соңғы жылдары төрт бірдей ПИК ауысты. Істелінбеген жұмыс шаш-етектен. ҚС формасын таңдағаннан бері жұмыс ілгері басты. Былтырғы қысқы маусым ойдағыдай өтті.
Қалалық тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары Бақытгүл Базылова осы орайда басқару нысанын таңдап үлгермеген үйлер тұрғындарын шешім шығаруға шақырды.
- Басқару формасы жоқ үйлер тұрғындарымен түсіндіру жұмыстарын өткізудеміз. Сервистік компанияларды да жалдауға болады. Тұрғындар жылыту маусымына әзірлікті өздері бақылай алады – оған толық құқықтары бар, - дейді спикер.
Павлодардың орталық жылыту жүйесіне қосылған үйлерінің саны 1277. Олардың 517 толығымен, ал 300-і 80 процентке жылу қабылдау әзір. 20 үйде дайындық жүруде.
Фото: автор