Павлодарда машина жасау саласындағы инвестициялық жобалар іске қосылады
Соның арқасында 100-ден астам жаңа жұмыс орны пайда болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, Асайын Байханов арнайы экономикалық аймақта инвестициялық жобалардың іске асырылу барысымен танысты. Арнайы экономикалық аймақ 2011 жылы құрылды. АЭА аумағында 17 кәсіпорын жұмыс істеуде, биыл тағы 4 кәсіпорынды іске қосу жоспарлануда және 21 кәсіпорын құрылу сатысында.
Өңір басшысы машина жасауға арналған бұйымдар мен қосалқы бөлшектерді өндіретін «Еуразиялық механикалық зауыт» ЖШС жоғары технологиялық өндірісінің құрылыс барысымен танысты. Инвестиция көлемі – 7,3 миллиард теңге, 60 жұмыс орны құрылады. Мұнда құрылымдарын монтаждау аяқталып, сэндвич панельдері орнатылуда.
«Тандем recycling» ЖШС директоры Павел Горбачев 6 миллиард теңгеге қорғасын-мырыш аккумуляторларын қайта өңдейтін жобаның іске асырылып жатқанын баяндады. Мұнда 70 жұмыс орны құрылады.
– Қолданылған аккумуляторлық батареяларды жою – бұл өзекті экологиялық мәселелердің бірі. Қоршаған ортаны ластамау экологияны жақсартуға мүмкіндік береді, – деді инвестор.
Өңір басшысы кәсіпорындардың экспорттық мүмкіндіктерін арттыруды, АЭА преференциялары мен әлеуетін толық көлемде пайдалану қажеттігін атап өтті.