Павлодар облысында ең жоғары жалақы Ақсу қаласында

Павлодар облысында  ең жоғары жалақы Ақсу қаласында
Фото: Константин Шелков

Былтыр аумақтық бөліктегі ең жоғары жалақы Ақсу қаласында – 327282 теңге, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық статистика департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ең төмен жалақы Ертіс ауданының қызметкерлеріне есептелді – 191676 теңге.

– Сала құрылымында ең жоғарғы жалақы тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 438242 теңге (орташа облыстық деңгейден 1,6 есеге асты), өңдеу өнеркәсібінде – 346980 теңге (1,3 есеге) белгіленді. Ең төмен жалақы көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну саласының қызметкерлерінде – 129115 теңге. Бұл облыс бойынша орта көрсеткіштен 52,7%-ға төмен, – деп жазылған хабарламада. 

Айта кетерлігі, 2022 жылғы қаңтар-желтоқсандағы облыстың кәсіпорындарындағы бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 273061 теңгені немесе 2021 жылдың сәйкес кезеңіне 124,2%-ды құрады.