Павлодар әкімдігі дарынды оқушыларға жүз мың теңгелік сертификаттар берді
Олар облыстық және республикалық сайыстардан 60 медаль жеңіп алған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық білім беру бөлімі баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін «Ertis Promenade» сахнасында қала әкімдігінің зияткерлік сайыстары мен олимпиадаларында жоғары жетістіктер көрсеткен оқушыларды салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Марапаттау рәсімінде жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және облыстық олимпиадалардың, республикалық және халықаралық ғылыми жоба байқауларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасынан 51 оқушы марапатталды.
– Кездесуге қатысушылардың жетістіктері айтарлықтай – павлодарлық мектеп оқушылары 60 медаль, оның ішінде 14 алтын, 15 күміс және 31 қола медаль жеңіп алды, соның арқасында олимпиадалық құрама жыл сайын Павлодар облысының қалалары арасында «Ең үздік олимпиадалық команда» атағын жеңіп алды, – дейді «Павлодар дарыны» балалардың бос уақытын қамту және дарындылығын дамыту орталығының басшысы Ақмарал Мұхаметжанова.
Салтанатты қабылдауда қала әкімінің орынбасары Светлана Гладышева олимпиадалықтарды құттықтап, оларға қала басшысының атынан Алғыс хаттар мен 100 мың теңгелік ақшалай сертификаттар табыс етті.
Іс-шара аясында нәтижелі еңбегі мен жоғары кәсіби шеберлігі үшін 46 педагогқа құрмет көрсетілді. Олар Павлодар қаласы әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Дарынды оқушылардың құрметіне балалар музыкалық мектебі «Мереке» және «Туған жер» композициясы, ал №27 балабақша «Барабаншылар» биі концерттік нөмірлерімен өнер көрсетті. Салтанатты рәсім олимпиадашылардың Әнұранын орындаумен және бірлескен фотосессиямен аяқталды.