Павлодарда музейдегі түннің бағдарламасы қандай болады?

Павлодарда музейдегі түннің бағдарламасы қандай болады?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Көрмеде дәрістер мен презентациялар, шеберлік сабақтары және шығармашылық топтардың өнері көрсетіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық «Новые степные» арт тобы өздерінің «Instagram» парақшасында мәлімдегендей, 17 мамыр күні Н.Нұрмұхаммедов атындағы облыстық көркемсурет музейінде тәуелсіз Қазақстандағы модернші суретшілердің 1994 жылғы тұңғыш «Новые степные-2» ұжымдық көрмесінің 30 жылдығына және «Новые степные» көрмесінің 35 жылдығына арналған музей түні өтеді.

Көрмеге 20-21 ғасырлардағы павлодарлық, қазақстандық және ресейлік авангард – музей қорлары мен жеке топтамалардағы кескіндеме, графика, ассамбляж, бейне және медиа өнері қойылған. Орыс авангардының классиктерінің бірегей кескіндемелері, Едіге Ниязовтың 80-ші жылдардағы «Кино» тобының «Питерский эпос» фотосуреттері, Тимур Новиковтың «Асса» галереясы және павлодарлық «Новые степные» өнер тобының мүшелерінің жұмыстары қойылады, – дейді ұйымдастырушылар.

Көрме бағдарламасы:

17:00 – көрменің ашылуы;

17:30 – дәрістер мен презентациялар:

  • «Новые степные» көрмелерінің тарихы – журналист және куратор Федор Ковалев;
  • Музей қорынан авангард – мұражай қызметкері Татьяна Апалимова;
  • Авангардты қалай түсінуге болады және ол неге қымбат? – Федор Ковалев;

18:30 – шеберлік сабақтары:

  • абстрактылы көркемсурет – суретші Андрей Оразбаев;
  • каллиграфия және трафареттік портрет, граффити тарихы – граффити суретшілері Руслан Касимов «Faster» және Владимир Зубков «Rheos»;

19:00 – «Вернисаж» сән театрының авангард топтамалары;

19:30 – «Крамп» командасының би сеансы;

20:00-21:00 – поп емес дискотека.

Қосымша ақпарат алу үшін +7(7182)53-58-11, +7(7182)53-61-04 арқылы мұражайға хабарласуға болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от NewSteppe (@newsteppe)