Павлодарда әлемге әйгілі ескерткіш туралы онлайн дәріс оқылады
Кіру – тегін, тікелей эфир Павлодар география үйінің @pav_geo сайтында көрсетіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
28 мамыр күні сағат 17:00-де Марғұлан университетінің фойесінде профессор, мәдениеттану ғылымдарының кандидаты, «Qazaqgeography» РҚБ басқарма төрағасының орынбасары Валентина Алиясованың ғылыми дәрісі өтеді. Дәрістің тақырыбы – «Қазқонақ – дүниежүзілік мұраның бір бөлігі». Дәріскер осы бірегей нысанның ашылуы, оның зерттелу тарихы мен ғылыми маңызы, қазіргі жағдайы мен оны сақтау тәсілдері туралы әңгімелейді.
Ескерткіш 1928 жылы ашылған болатын, ірі зерттеулер 1929 жылы басталды. 1971 жылы 7 желтоқсанда «Қазқонақ» республикалық маңызы бар табиғи ескерткіш болып жарияланып, мемлекет қорғауына алынды. 2001 жылы осы мәртебе қайтадан бекітілді.
Айта кету керек, бүгінгі таңда түрлі құрамының жанжақтылығы және сүйектердің сақталуы тұрғысынан «Қаз қонақ» әлемге әйгілі жиырма палеонтологиялық ескерткіштің бірі болып табылады.