Павлодарда отыздан астам мотоциклшы жазаланды
Жүргізушілер жол қозғалысы ережелерін бұзуды тоқтатпауда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жазғы кезеңнің басталуымен скутерлер, мопедтер және электр скутерлері сияқты көлік түрлері халық арасында кең қолданыста.
Сол себепті полицейлер жүргізушілермен екі доңғалақты көлік құралдарын қауіпсіз жүргізу және олардың жол қозғалысы ережелерін сақтау мәселелері бойынша түсіндірме әңгімелер жүргізуде.
– Қабылданған шараларға қарамастан, жүргізушілер жол қозғалысы ережелерін бұзуды жалғастыруда. Апаттылықтың алдын алу мақсатында біз мотоциклдің қатысуымен жол-көлік оқиғасы жиі болатын облыс орталығының көшелерін патрульдейміз. Шағын көлік құралдары жүргізушілерінің тәртібін күшейтілген бақылау енгізілді. Демалыс күндері ғана 30 скутер жүргізушісі жауапқа тартылды, барлық көлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды, – деді қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының командирі Айдар Сламбеков.
Айта кету керек, жыл басынан бері 150 мотоцикл жүргізушісі жауапқа тартылды. Айып тұрағына 100 скутер қойылды.
Тәртіп сақшылары осы қозғалыс құралдарын пайдаланушыларға көлік жүргізудің қауіптілігі туралы және жолда жүру ережелерін сақтау керектігін еске салады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram