Павлодар облысында пияз қымбаттады

Павлодар облысында пияз қымбаттады
Фото: pixabay.com/Couleur

Өңірлік статистика департаменті 2025 жылғы мамырда тұтыну бағаларының индексін жариялады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Азық-түлік тауарлары тобында қанттың бағасы – 4%, кондитерлік өнімдер – 3,1%, макарон өнімдері – 2,7%, балық пен теңіз – 1,3%, ет (ет өнімдерін қоса алғанда) – 0,8%, май және тоң май – 0,5% қымбаттауы байқалды. Бұл ретте жұмыртқа бағасы 1,7% арзандаған.

Көкөністер мен жемістер арасында пияз бағасы – 54%, сәбіз – 51,7%, қызылша – 27,7%, алмұрт – 5,9% қымбаттады. Бұл ретте қырыққабат бағасы 8,1% төмендеді.

Азық-түлік емес тауарлардың ішінде киім мен аяқ киім бағасы – 1,1%, бензин – 0,4%, фармацевтикалық өнімдер 0,2%-ға қымбаттады.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында сумен жабдықтау тарифтері – 64,4%, су бұру тарифтері 23,6% өсті.