12 шілдеде Павлодар облысында ыстық болады

12 шілдеде Павлодар облысында ыстық болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жауын-шашын күтілмейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрге дейін жетеді.

Ауа температурасы түнде +15...+20°C, күндіз +26...+31°C көрсетеді.

Павлодарда бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде сынап бағанасы +17...+19, күндіз +29...+31 градусты көрсетеді.