Павлодарда пропан тасымалдайтын цистерна аударылды

Павлодарда пропан тасымалдайтын цистерна аударылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оқыс оқиға қаладан әуежайға баратын айналма жолда орын алған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

– 16 қазанда айналма жолда Shacman жүк көлігі мен пропан тасымалдауға арналған жартылай тіркемелі цистернаның қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Алдын ала мәлімет бойынша қозғалыс барысында жартылай тіркеме тартқыш көліктен ажырап кеткен. Соның салдарынан цистерна жол жиегіне қарай қисайып, аударылған, - делінген хабарламада.

Ауыр жүк көлігі басқа көліктермен соқтығыспаған. Зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып, тексеру жүргізіліп жатыр.