Павлодар облысында «Ертіс орманы» резерватынан қарағай ұрлағандар ұсталды

Павлодар облысында «Ертіс орманы» резерватынан қарағай ұрлағандар ұсталды
Фото: Константин Шелков

Ұрланған ағаштардың бағасы 3 миллион теңгеге бағаланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыс прокуратурасымен бірге Павлодар - Семей автожолында ағаш ұрыларын құрықтады. Олар шамамен 3 миллион теңгеден астам сомаға көлемі 70 текше метр қарағай ағаштарын «КамАЗ» жүк көлігімен тасымалдаған.  

– Ағаштарды Шарбақты ауданы «Ертіс орманы» Шалдай филиалының  орманшылығында заңсыз кесіп,  мерзімі өткен және тиісті емес жүкқұжаттар бойынша Семей қаласына сатуға жіберілгенін анықтады. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – дейді департаментте. 

Еске сала кетейік, 11 шілде Аққулы ауданында түнгі уақытта қарағай ағашын кескен тұрғын жазаланған болатын.