Павлодарда Qaz StandUp байқауының жеңімпаздары анықталды

Павлодарда Qaz StandUp байқауының жеңімпаздары анықталды
Фото: Jaidarman_pvl

Финалда сегіз адам өнер көрсетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Әлкей Марғұлан атындағы педагогикалық университеттің мәжіліс залында облыстық StandUp байқауының финалдық кезеңі өтті.  Соңғы мәреге іріктеліп шыққан сегіз қатысушы бақ таластырып, өз өнерлерін ортаға салды. StandUp-қа қатысу үшін Абай облысынан да қатысушылар келді.

Байқау қортындысы бойынша жүлделі үшінші орынды ақтоғайлық Жақсылық Саттаров пен Айсәуле Талғат иеленіп, 40 мың теңгелік ақшалай сыйақыға ие болды. 

Екінші орынды иеленген Ақсудан келген Нұрсұлтан Карибаевқа 60 мың теңгелік сертификат табыс етілді. 

Бірінші орын Қызылорда облысынан келген павлодарлық студент Гүлжанат Кемелбекке бұйырды. 

Айта кету керек, қалған қатысушыларға 20 мың теңгелік ақшалай сыйлықтар берілді. Ал жүлдегерлер мен жеңімпазға кубоктар тарту етілді.