Павлодарлық эпидемиологтар алпыстан астам су сынамасында сәйкессіздікті анықтады
Суды тазарту жүйелерінде химиялық жуу, сүзгілерді ауыстыру, су құбыры желілерін дезинфекциялау жүргізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті су жолымен жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау мақсатында ауыз сумен жабдықтау объектілеріне мониторинг жүргізуді жалғастыруда.
– Су тасқыны кезеңінің басынан сумен жабдықтау объектілерінен 1559 ауыз су сынамасы зерттелді. Оның ішінде 62 сынама санитариялық-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштерге сәйкес келмейді,– деді департаментте.
Гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтін сынамалардың нәтижелері бойынша сәйкессіздіктердің себептерін жою жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін қалалар мен аудандардың әкімдіктеріне ақпараттық хаттар жіберілді. Сәйкес келмейтін сынамалар жүргізілген сумен жабдықтау объектілерінде суды қайта іріктеу жүргізілді.
Айта кетейік, облыстың сумен жабдықтау объектілері штаттық режимде жұмыс істейді. Санитариялық қызмет мамандары халыққа берілетін ауыз судың сапасын бақылау, сондай-ақ өндірістік бақылауды жүзеге асыру мәселелері бойынша пайдаланушы ұйымдармен тығыз өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
– Сонымен қатар, Ертіс өзенінен су сынамаларын алу жалғасуда. 11 сәуірден бастап 140 сынаманың микробиологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштеріне зерттелді. Барлық сынамалар микробиологиялық көрсеткіштер және гигиеналық нормативтерге сәйкес келеді,– деді департаментте.
Эпидемиологтар ішек инфекцияларының, «А» гепатитінің және басқа инфекциялардың алдын алу мақсатында жеке гигиенаны сақтауды, сумен қамтамасыз етудің кепілдендірілген көздерінен ауыз суды ішу және тамақ дайындау үшін пайдалануды, қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдалануды, тамақ өнімдерін сақтау және дайындау ережелерін сақтауды, аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде өзін-өзі емдеуден аулақ болып, дереу медициналық көмекке жүгінуді ұсынады.