Ақсуда ыстығы көтерілген баланы үйде қабылдаудан бас тартқаны туралы ақпарат – фейк
Қалалық ауруханада әлеуметтік желіде тараған жағдайға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Ата-аналардың бірі баласы қатты жөтеліп, дене қызуы 39,5 градусқа дейін көтерілгенін, алайда дәрігердің шақыртуға келмегенін туралы жазған. Хабарламаның авторына үйде қабылдаудан бас тартуға емхана басшысының ішкі жарлығы негіз болғанын, яғни егер науқастың температурасы 39,5-тен жоғары болса ғана дәрігерлер жіберілетінін айтқан.
Бұл жағдайға қатысты Ақсу қалалық ауруханасында ішкі жарлықтың бар екендігін растамады. Емхананың Call-орталығының жұмысы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 24 тамыздағы № ҚР ДСМ-90 бұйрығы «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» негізінде жүзеге асырылады.
– 3 қаңтарда Call-орталыққа дәрігерді үйге шақыртуға 156 қоңырау түсті, оның 137-інде балаларға қатысты шақырту болған. Барлық тіркелген қоңырауларға кезекші дәрігерлер, сондай-ақ орта медициналық қызметкерлер шықты. Кезекші бригадалар сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін қоңырауларға қызмет көрсету үшін жұмыс істеді. Үйге дәрігерді шақырту кезінде қызмет көрсетуден бас тарту болған жоқ, – деді қалалық аурухана директорының орынбасары Нұргүл Төлеубаева.
Оның сөзінше, сол күні қоңырау шалғандардың бірі оның баласына медбике емес, учаскелік дәрігердің келуін деп талап еткен. Медбике шақыртуға барған кезде баланың дене қызуы нормада болғанын анықтады.
Денсаулық сақтау министрлігінің қолданыстағы бұйрығы бойынша учаскелік медбике немесе фельдшерлер шақырту кезінде дене қызуының 38 градус болуы, жай-күйінің бұзылуынсыз артериялық қысымның артуы, медициналық көмекті және үйде консультацияны қажет ететін жай-күйі, ауруы, жарақаттары болған жағдайда үйде қызмет көрсетеді. Ал учаскелік дәрігер шақыртуға қызмет көрсеткен учаскелік медбикенің немесе фельдшердің шақыртуды қабылдауы кезінде МСАК-тың тіркеу бөлімі бағалаған дәрігердің үйде тексеріп-қарауын қажет ететін жай-күйі және вакциналаудан кейінгі жағдайдың нашарлауы кезінде үйде шақыртуларға шығады.
Учаскелік дәрігер келесі көрсеткіштер болғанда ғана үйге қызмет көрсетеді: учаскелік медбике немесе фельдшердің шақыртуды қабылдауы кезінде МСАК-тың тіркеу бөлімі дәрігердің үйде қарауын талап ететін жағдайлар, вакциналаудан кейінгі жағдайдың нашарлауы.