Павлодарда Республика күніне орай зияткерлік ойын өтеді
Командалар Қазақстан тарихы, мәдениеті және логикалық тапсырмалар бойынша білімдерін сынайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
23 қазанда Жастар бастамаларын дамыту орталығында «QAZAQSTAN – БІРТҰТАС ЕЛ» атты зияткерлік ойын ұйымдастырылады. Республика күніне арналған сайыс үш кезеңнен тұрады.
«Тарих ізі» кезеңінде қатысушылар Қазақстан тарихы мен көрнекті тұлғалар туралы сұрақтарға жауап береді. «Ойлан, тап!» кезеңінде логикалық ойлау, жылдам шешім қабылдау және тапқырлық қабілеттері сыналады.
Ал «Біртұтас Қазақстан» кезеңінде командалар Конституция, мемлекеттік рәміздер, ел мәдениеті мен қазіргі Қазақстан туралы білімдерін көрсетеді.
Жеңімпаздарға естелік сыйлықтар табысталады. Ойынға қатысу үшін бес адамнан тұратын команда жасақтау қажет.
Зияткерлік сайыс 23 қазанда сағат 16:00-де Ломов көшесі, 38 мекенжайында өтеді. Тіркелу және қосымша ақпарат алу үшін 8 (705) 385-13-75 нөміріне хабарласуға болады.