Тереңкөл ауданындағы 20 жылға жуық жөнделмеген бөбекжайда жылу жүйесі жаңарды

Барлық білім беру нысандары 1 қыркүйекке толық дайын болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Тереңкөл ауданы бойынша төрт білім беру және тәрбие беру нысанында күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Атап айтқанда, №2 Песчан жалпы орта мектебі, Ивановка жалпы орта мектебі, Тереңкөл ауылындағы Оқушылар үйі және Песчан ауылындағы «Балдырған» бөбекжайы жаңартылуда.
– Аталған нысандардың үшеуі – №2 Песчан мектебі, Ивановка орта мектебі және «Балдырған» бөбекжайы – «Ауыл – ел бесігі» жобасына енгізілген, – деді аудандық білім беру бөлімінің басшысы Жайнат Билялова
№2 Песчан мектебінде жұмыстар толығымен аяқталды. Жөндеу барысында бірінші қабаттың едендері өрт қауіпсіздігі талаптарына сай ауыстырылды, электр жүйелері жаңартылды, баспалдақтар мен өрт дабылы жүйесі орнатылды. Балаларға арналған санитарлық тораптар заманауи талаптарға сәйкес жөнделіп, плиткамен қапталды, кәріз жүйесі ауыстырылды. Сонымен қатар, спортзалдың едені резеңке жабындыға ауыстырылып, асхана еденіне кафель төселді. Жұмыстарға толық 65 миллион теңге бөлініп, мердігер ұйым жұмыстарды мамырдың соңында бастап, 4 тамызда аяқтады.
Ивановка орта мектебі келетін болсақ, мектептің электр жүйелері толық ауыстырылды, кабинеттердің қабырғалары жаңартылды, асхана мен санитарлық тораптарға плитка төселді. Спортзалдың едені жаңартылып, мектеп ауласына кеспе тас төселді, қоршаулар ауыстырылды. Жөндеу жұмыстары толық аяқталды.
– Балдырған бөбекжайы, 1976 жылы салынған бұл ғимарат соңғы рет 2006 жылы жеңіл жөндеуден өткен. Биыл шатыр жаңартылып, терезелер толық ауыстырылды, қасбеті жылу ұстағыш материалмен қапталды. Ішкі қабырғалар сыланып, санитарлық тораптар мен кәріз жүйесі толық ауыстырылды. Жылу жүйесі де жаңартылды. Құны – 273,5 миллион теңге. Қазір жұмыстар 88%-ға орындалған, 25 тамызда аяқталады деп жоспарлануда, – деді Жайнат Билялова.
Және соңғы нысан, Оқушылар үйі. Толық қаражат – 138 миллион теңге. Ішкі жұмыстар толық аяқталды, қазір тек спортзал қалды. Өрт қауіпсіздігі талаптарына сай линолеум төселуде. Жөндеу жұмыстары 93% орындалды, тамыздың 25-інде аяқталады.
Жайнат Билялованың айтуынша, жаңа оқу жылына дейін барлық нысандар толық дайын болады деп аттап өтті.