Павлодарда шағын аудандардың бірінде су беру қысымы төмендеді
Жөндеу жұмыстарын кешке дейін аяқтау жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі
«Павлодар Водоканал» баспасөз қызметінің мәліметінше, ТП204-те ЖЭС жөндеу жұмыстарына байланысты 31 шілдеде сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін Айманов көшесі, 50 мекенжайындағы сорғы станциясы кернеусіз қалады.
Химқалашық шағын ауданында орналасқан үйлер қалалық электр желілерінде жұмыстар аяқталғанға дейін су беру қысымы төмен болады.