Павлодарлықтарды игі істермен жарысуға шақыруда
«Экология» бағыты бойынша мейірімділік апталығы басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ішкі істер басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, «Игі істер марафоны» жобасы қоғам өмірін жақсартуға бағытталған ерікті акцияларды өткізу үшін Қазақстан халқы арасында игі істерге қатысу дәстүрін бастауға бағытталған.
– Жоба аясында атаулы күнтізбелік даталарға, халықаралық күндерге сәйкес келетін немесе түрлі әлеуметтік және мәдени тақырыптарға арналған «Мейірімділік апталықтары» мен жыл сайынғы тақырыптық іс-шараларды ұйымдастыру жоспарлануда. Іс-шара тақырыптары жыл сайын өзгеріп отырады, бұл өзекті мәселелердің алуан түрлілігі мен қамтылуын қамтамасыз етіп, әлеуметтік жауапкершіліктің әртүрлі аспектілеріне қызығушылықты арттырады, – дейді ұйымдастырушылар.
«Игі істер марафоны 2024» аясында келесі «Мейірімділік апталығы» 9-14 шілде аралығында «Экология» бағыты бойынша ұйымдастырылады. Марафон қорытындысы бойынша апталықтың үздік қатысушысы «Эко-қорғаушы» аталымына ие болып, марапатталады.
– Жобаға қатысу үшін әлеуетті қатысушылар әлеуметтік желілерде игі істерін жариялағаннан кейін электронды тіркеуден өтуі керек. Сәтті тіркеліп, техникалық іріктеуден өткеннен кейін қатысушы жүлделерге үміткер мәртебесін растайтын сертификат алады. Электронды тіркеу ұйымдастырушыларға қатысушылардың белсенділігін қадағалауға, олармен байланыста болуға және «Игі істер марафоны» жобасының үдерісін тиімді басқаруға мүмкіндік береді, – деп түсіндірді ұйымдастырушылар.
Электронды тіркеуге сәйкес www.qazvolunteer.kz платформасында «Игі істердің» жалпы саны, сондай-ақ оларды «Мейірімділік апталары» мен тақырыптық іс-шаралар арасында бөлу жазылатын «Қайырымдылық есептегіші» орналастырылады. Бұл «Игі істер марафонының» табыстылығын қадағалауға мүмкіндік береді және басқаларды игі бастамаларды қолдауға шабыттандырады. Белсенді қатысуды, салауатты бәсекелестікті және аймақтық қатысуды ынталандыру үшін аймақтар бойынша «жақсы» акциялардың саны жазылып тұрады.