Еңбектеуден чемпионат: Павлодарда ширақ сәбилер сыйлық алады

Еңбектеуден чемпионат:  Павлодарда ширақ сәбилер сыйлық алады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қатысушыларға бағалы сыйлықтар беріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Жастар бастамаларын дамыту орталығы Отбасы күнін мерекелеу қарсаңында сәбилер арасында еңбектеуден «Baby start 2024» облыстық чемпионатын ұйымдастырады.  

Конкурс екі кезеңнен тұрады. Алғашқы  «Алғаbaby» кезеңінде сәбилер 10 метр қашықтықта еңбектеуден жарысатын болады.

– Чемпионатқа ата-анасының біреуі 35 жасқа толмаған, алты айдан 1,5 жасқа дейінгі балалары бар отбасылар жіберіледі. Жарыс мәресінің сызығында ата-ананың біріне ойыншық немесе баланы қызықтыратын затпен тұруға рұқсат етіледі. Ең қысқа уақыт аралығында мәре сызығын өткен бала жеңімпаз болып саналады. Екінші «Супер отбасы» кезеңінде әкелер мен аналар балаларымен бірге жүгіреді, – дейді ұйымдастырушылар. 

Сайыстың жүлдегерлері сыйлықтармен марапатталады. 

Өтінімдер 12 сәуірден бастап 10 мамырға дейін kgu_crmi@mail.ru Жастар бастамаларын дамыту орталығының электронды поштасына қабылданады. Барлық сұрақтар бойынша 8(747) 379-49-04; 8 (7182) 66-12-42; 8 (7182) 66-12-52 телефон нөмірлері арқылы хабрласып білуге болады.