Павлодарда шаңғы жарысы рекордын жаңартты

Павлодарда шаңғы жарысы рекордын жаңартты
Фото: автор

Бұған облыс басшылығының қолдауы септігін тигізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жаңартылған «Зеленая роща» шаңғы орталығында жасөспірімдер арасында шаңғы жарысынан Қазақстан чемпионаты басталды. Қазақстанның мемлекеттік бапкері Александр Ткачук атап өткендей, мұндай деңгейдегі жарыстар үш жылдан кейін Павлодарға қайта оралды. 13 пен 18 жас аралығындағы спортшылар қатысуда.

- Бұл осы жас аралығындағы шаңғышылар үшін елдегі ең маңызды жарыстар, - дейді Александр Ткачук. – Павлодар барлық рекордтарды жаңартып жатыр – соңғы 30 жылда біз алғаш рет 450-ге жуық спортшыны жинадық, бұл үлкен жарыс. Тіпті, ұлдар мен қыздарды әртүрлі күндерге ажыратуға тура келеді. Нағыз мереке болады деп ойлаймыз, ол үшін бізде бәрі бар: жақсы база, барлық жағдай жасалған.

Павлодарға 13 облыстың шаңғышылары жиналды, шаңғы жарысы дәстүрлі спорт түріне жатпайтын Жетісу, Алматы, Түркістан облыстарының спортшылары, сондай-ақ еліміздің ең шалғай өңірлерінің бірі – Батыс Қазақстан облысының шаңғышылары шақырылды.

- Мақсат – болашақ резервті сынап көру. Бізде Олимпиада чемпионы шығу үшін пирамиданы қалпына келтіру керек. Болашақ чемпион осы жастардың қатарында екеніне сенімдімін, - дейді шаңғы жарысы бойынша Қазақстанның мемлекеттік жаттықтырушысы.

Аздап аязға қарамастан алматылық жаттықтырушы Александр Бережко жылы шырай танытқан павлодарлықтарға алғысын білдірді. Оңтүстік астаналық шаңғы жаттықтырушысы өз командасының нөмірі бір құрамын әкелді, алматылықтардың жеңіске деген құлшынысы зор.

– Мен спортшы болған кезімде осындай көркем жерде өнер көрсеткенді ұнататынмын. Қазір бәрі бұдан бетер әдеміленді, тамаша кешен салып, барлығына жеке-жеке бөлме берілді, бізді жайлы қонақүйге орналастырды. Ал аязға келсек, иә, ол үшін тың дүние болса да, керісінше, бізді алға жетелеуде, - деп бөлісті алматылық.

Жарыс 12 ақпанға дейін жалғасады. 7 ақпанда қыздарға арналған классикалық жарыс жоспарланған. 8-9 ақпанда спринт, ал 10-11 ақпанда еркін стильде жарыс өтеді. Ел чемпионаты 12 ақпанда эстафетамен аяқталады. Барлық жарыстар «Зеленая роща» базасында сағат 10.00-де басталады.

Еске салайық, 2024 жылдың соңында шаңғы базасы жаңғыртудан өтті: шаңғы жарысы мен биатлонға арналған спорт залы орналасқан ғимарат салынды. Орталық кәсіпқой спортшылармен қатар қарапайым азаматтар үшін де ашық. 

Базада шаңғыларды тегін жалға беру, киім ауыстыратын бөлмелер мен жылы жуынатын бөлмелері бар. Денені қыздыруға арналған фитнес залы және дене шынықтыру үшін жаттығу залы бар.