Павлодарлық қыз Қытайда жылдамдық пен дәлдік көрсетті

Павлодарлық қыз Қытайда жылдамдық пен дәлдік көрсетті
Фото: Instagram @sport_baskarmasy

Қазақстандықтар жергілікті қыздар мен кәрістерге ғана жол берді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодарлық биатлоншы Дарья Климина қазақстандық Ольга Полторанина, Арина Крюкова және Елизавета Белецкаямен бірге Харбин қаласында өтіп жатқан IX Қысқы Азия ойындарында 4х6 шақырымдық эстафетада қола жүлдені жеңіп алды. Қыздарымыз мәре сызығын 1:30:01,9 нәтижемен кесті. Азиаданың қожайындары жеңімпаз болды.

Павлодар тумасы Дарья Климина №43 мектепті бітірген. 2007 жылдан бастап биатлонмен айналыса бастаған, алғашқы жаттықтырушысы Сергей Бутин. 2010 жылы жоғары спорт шеберлігі мектебіне оқуға қабылданып, 2013 жылы халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын алды. Биатлоншының халықаралық жарыстардағы дебюті 2009 жылы Оберхофта өткен жазғы биатлон бойынша әлем чемпионатында өтті.

Дарья Климина 2014 және 2018 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына, сондай-ақ әлем чемпионаттары мен әлем Кубогының кезеңдеріне қатысты. Саппородағы соңғы Азия ойындарында павлодарлық жеңімпаз болып, қола медальдардың иегері атанды.

Еске салайық, 11 ақпанда павлодарлық Роман Иванов пен Шерзод Хаширбаев фристайлдан алтын медаль жеңіп алған болатын.