Павлодарда соңғы көпқабатты үйлерді жылуға қосты

Павлодарда соңғы көпқабатты үйлерді жылуға қосты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ақаулардың кесірінен бес көпқабатты тұрғын үй жылусыз қалған еді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қала әкімі ЖМ-20 жылу магистраліндегі соңына таяп қалған күрделі жөндеу жұмыстарын тексерді. 

Бүгін аталған магистральдің желісін толтырамыз. Содан кейін гидравликалық және температуралық режимдерді іске қосу және реттеу жұмыстары жүргізіледі. Осылайша, жылу желілері бойынша барлық жөндеу жұмыстарын аяқтадық. Сонымен қатар, ақаулар анықталған соңғы 5 көп қабатты тұрғын үйді бүгін ыстық суға қосамыз, – деп жазды Хасар Хабылбеков әлеуметтік желіде.

Оның айтуынша, жылыту маусымына 10 жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына жылу желілерінің, қызмет көрсететін ұйымдардың және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің өкілдері кірді. Тұрғындар ұсыныстар мен сұрақтар туындағанда 109 нөмірі бойынша немесе қала басшысының «Instagram» парақшасына өтініш қалдыра алады. Қала әкімі жылыту маусымының өтуі бойынша жағдайды жеке бақылауында ұстайтынына сендірді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Хасар Хабылбеков (@khassarkhabylbekov)