Павлодарда студенттер баскетболдан бақ сынады

Павлодарда студенттер баскетболдан бақ сынады

Баскетболдан 2 лига аясында ұлдар мен қыздар арасында XXXI облыстық спартакиада өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz  тілшісі.

Павлодар облысы білім беру басқармасының мәлімдеуінше, дода 31 қаңтар мен 3 ақпан аралығында Павлодар монтаж колледжінің базасында өтті. 2 лигада колледждерден келген ұлдар мен қыздар командалары бақ сынады.

- Жарысқа Павлодар қаласының барлық колледждерінен 11 ұлдар командасы және 8 қыздар командасы қатысты. Жалпы, додаға 180 спортшы қатысты, - делінген хабарламада.

Жарыс нәтижелері бойынша ұлдар арасында 1-орынды Павлодар техника - экономикалық колледжі, 2-орынды Павлодар химия-механикалық колледжі, 3-орынды Павлодар машина жасау колледжі өзара бөлісті. Ал қыздар арасында Павлодар сервис және тамақтану колледжі көш бастады. Жүлделі 2-орын Павлодар технологиялық колледжіне бұйырса, үздік үштікке Қазтұтынуодағының Павлодар жоғары экономикалық колледжі кірді. 

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар облысы білім беру басқармасының АОТДТО-ның грамоталарымен және медальдарымен марапатталды.