Ақсуда жұмысшыны күйік шалды

Ақсуда жұмысшыны күйік шалды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оның жағдайы ауыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Асқар Қапановтың айтуынша, 12 қарашада Ақсу ферроқорытпа зауытында жазатайым оқиға орын алды. Бір жұмысшы зардап шекті. 

– Қазіргі уақытта жазатайым оқиғаны тергеу ұйымдастырылуда. Тергеу аяқталғаннан кейін жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталатын болады, – деді ол.

Жәбірленуші Ақсу қалалық ауруханасының жансақтау бөлімшесіне денесінің 60-65 пайыз термиялық күйік шалумен түсті. Оның жағдайы ауыр деп бағалануда. 29 жастағы ер адам тиісті ем алуда.