Павлодар облысында үздік «Адал ұрпақ» клубы – Ақтоғай ауданында

Павлодар облысында үздік «Адал ұрпақ» клубы – Ақтоғай ауданында

М. М. Катаев атындағы облыстық оқушылар сарайында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының VI облыстық слеті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Өскелең ұрпақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу мақсатында  ерікті мектеп клубтарының ауқымды слетін облыстық білім беру басқармасы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті ұйымдастырды. Шараға қалалық және аудандық байқаулардың жеңімпаздары – 18 ерікті «Адал ұрпақ» мектеп клубы қатысты.

–  «Адал ұрпақ» слеті 2017 жылдан бері өткізіліп келеді және балалар мен жастардың әлеуметтік-шығармашылық белсенділігін, сондай-ақ өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін дамытуға, азаматтық және құқықтық мәдениет деңгейін арттыруға, парасаттылық пен адалдық қағидаттарын қалыптастыруға көмектеседі, – дейді ұйымдастырушылар. 

Іс-шара екі кезеңде өтті. Бірінші бөлім екі конкурстан тұрды – «Жемқорлыққа қарсы болашақ ұрпақ» тақырыбындағы театрландырылған қойылымдар конкурсы және 2022-2023 оқу жылында өткізілген іс-шаралар туралы «Оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиесі» есебінің тұсаукесері. Байқау қатысушылардың шығармашылық әлеуетін ашуға, өздерін белсенді азаматтық қоғамның ажырамас бөлігі ретінде сезінуге мүмкіндік берді.

Слеттің екінші бөлімінде жастар бастамаларын дамыту орталығының басшысы Ризат Рахымжанов пен Оқушылар сарайының әдіскері Айжан Оразбаеваның қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық туралы не білеміз?» тақырыбында брифинг өтті. Қонақтар сыбайлас жемқорлық қоғам үшін ең өзекті мәселелердің бірі болып табылатынын және оның салдары мемлекетіміздің әлеуметтік дамуына кедергі келтіретінін атап өтті. 

–  Сыбайлас жемқорлық жас ұрпақ үшін қауіпті, –  деді  Ризат Рахымжанов. 

Қатысушылар қонақтарға сұрақтарын қойып, толық жауаптарын алды.

Қазылар алқасының шешімі бойынша бас жүлдені Ақтоғай ауданы Мүткенов атындағы ЖОББМ «Жалын» командасы жеңіп алды.

Бірінші дәрежелі дипломмен Екібастұз қаласының № 11 ЖОББМ және Павлодар қаласының № 26 ЖОББМ командалары марапатталды.

Екінші орынды Баянауыл ауданының «Алаш» командасы, сондай-ақ Аққулы ауданының «Әділет» командасы иеленді.

Үшінші орынға облыстық дарынды балаларға арналған «Жас дарын» мектебінің командасы, сондай-ақ Ақсу қаласының «Жас қыран» командасы ие болды.

Барлық жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.