Павлодарда сәби бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті

Павлодарда сәби бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Баланың жасы – 1 жас 8 ай, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 тамыз күні сағат 16:20-да облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлімшесіне 2022 жылы туған ұл бала жеткізілді. 

Ол бесінші қабаттан құлаған. Бала тексеріліп, жабық бас жарақаты, ми шайқалуы диагнозы қойылды, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз орталығында.

Бала травматология бөлімшесіне жатқызылды.