Павлодар облысында септикке құлаған баланың өлімінің мән-жайы айтылды

Павлодар  облысында септикке құлаған баланың өлімінің мән-жайы айтылды
Фото: Polisia.kz

Полицияда сотқа дейінгі тексеру жүргізуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Polisia.kz мәліметінше, қайтыс болған бала қараусыз қалған.

Ол көрші үйдің ауласында орналасқан ағаш палубамен жабылған септикке құлаған, – делінген хабарламада.

Полиция ҚР ҚК-нің 140-бабы – «кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сараптама тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, жазатайым оқиға 31 мамырда Мойылды ауылында болған.