Павлодарда автокөлік трамвайға соғылды

Павлодарда автокөлік трамвайға соғылды
https://www.kavkaz-uzel.eu/

Жол апаты салдарынан зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 наурыз күні сағат 08.35-те  Мәшһүр Жүсіп - Шөкин көшелерінің қиылысында «Мазда»  көлігі трамвайға соғылған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Аталған факті бойынша сараптама тағайындалды. Тексеріс жүргізілуде. 

Естеріңізге сала кетейік, 9 наурыз күні «Mercedes Benz 280Е» пен «Mercedes Benz» маркалы екі көлік соғылып, салдарынан тұрғын үйге зақым келтірілді.