Екібастұзда көмір тиелген жүк пойызы аударылды (ВИДЕО)

Екібастұзда көмір тиелген жүк пойызы аударылды (ВИДЕО)

Арнайы комиссия тергеу жүргізеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Оқиға түсірілген видео әлеуметтік желіде таралды. Роликтің астында «Екібастұз – «Богатырь көмірде» жүк тиелген  пойыз аударылып кетті» деп жазылған.

Видео кадрларынан бірнеше зақымдалған вагон мен олардан темір жол рельстеріне көмір түсіп жатқанын көруге болады.

Павлодар облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясында бұл жағдайдың 28 наурызда күндіз сағат бірде болғанын хабарлады.

–  «Промсервис-Отан» ЖШС айналма жолында сегіз вагон аударылды. Зардап шеккендер жоқ, – деп толықтырды ведомствода.

Оқиғаның себептерін зерттеу жөніндегі комиссия құрылады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от VITALIY FOMINOV | Экибас в Теме ???? (@ekibasvteme)