Павлодарда түнде ән салған тұрғындар ескерту алды

Павлодарда түнде ән салған тұрғындар ескерту алды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Биыл түн тыныштығын бұзғаны үшін өңірдің 5296 тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, түнде сағат 02.32-де Назарбаев даңғылы көшесіндегі үйдің тұрғыны қоңырау шалып, көршілері музыканы қатты қойып тыңдап, ән айтып, көпқабатты үйдің тұрғындарына ұйықтауға кедергі келтіретінін айтқан. Сол түні сағат 03.21-де Малайсары батыр көшесіндегі көпқабатты үйден осындай шақыру түсті.

– Тәртіп бұзушылары әкімшілік жауапкершілікке тарылды. Сондай-ақ, олардың әрқайсысымен тыныштықты сақтау және көршілерге құрметпен қарау қажеттілігі туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді, – деді департаментте.

Полицейлер мұндай құқық бұзушылықтардың куәсі болған жағдайда «102» нөміріне хабарласуға немесе барлығын бейнежазбаға түсіріп, Рolice 102 мобильді қосымшасына жіберуге кеңес береді.