«Алтын сапа»: Павлодарлықтарды үздік өңірлік кәсіпорынға дауыс беруге шақырады

«Алтын сапа»: Павлодарлықтарды үздік өңірлік кәсіпорынға дауыс беруге шақырады
Фото: Константин Шелков

Бір құрылғыдан тек бір рет қана дауыс беруге болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

27 қазақстандық кәсіпорын «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының финалына шықты.Үздік атаққа павлодарлық екі кәсіпорын «АЙСБЕРГ ПВ» ЖШС және «Песчан жөндеу-механикалық зауыты» ЖШС үміткер болып отыр.

Облыс тұрғындары жергілікті кәсіпорындарды 31 қазаннан бастап 5 қарашаға дейін өтетін онлайн дауыс беруде қолдай алады. 

Дауыс беру www.altynsapa.kz сайтында үш номинация бойынша өтеді: «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын», «Халық тұтынатын тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын», «Азық-түлік тауарларын шығаратын үздік кәсіпорын».

Әр номинациядан үш жеңімпаз анықталады. Дауыс беруге қатысу үшін www.altynsapa.kz сайтына өтіп, басты беттегі «Онлайн дауыс беру» бөліміне өту керек. Ол жерде әр номинация бойынша үш кәсіпорынды таңдап, дауыс беруге болады. Әрбір адам жалпы тоғыз кәсіпорын үшін дауыс береді.

IP мекенжайларының кедергілерін болдырмау үшін ұялы байланыс операторының ұялы желісі арқылы мобильді құрылғылардан дауыс беру қажет.