Павлодар облысында такси бағасы елдің бірқатар өңірлерімен қарағанда төмен

Павлодар облысында такси бағасы елдің бірқатар өңірлерімен қарағанда төмен
Фото: pexels.com/Ono Kosuki

Қазақстанда жыл басынан бері тасымалдау қызметтерінің құны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16 пайыздан астам өскен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Finprom бизнес және қаржы жөніндегі талдау порталының мәліметінше, ағымдағы жылдың сәуір айында Павлодар облысында бұл көрсеткіш 7,9 пайызға артқан. Яғни өңірде такси бағасының қымбаттауы Алматыға қарағанда шамамен үш есе, ал Ақмола облысымен салыстырғанда алты есе баяу.

Жыл басынан бері Қазақстанда такси қызметін 74 миллионнан астам жолаушы пайдаланған.

Ертіс-Баян өңірінде таксомоторлық тасымалдау нарығы ел бойынша ең тұрақтылардың бірі саналады. Мұнда жыл сайын шамамен алты миллионға жуық жолаушы такси қызметін пайдаланады, олардың қатарында транзиттік және жергілікті тұрғындар бар.

Бағаның өсуін сарапшылар бірнеше фактормен байланыстырады. Негізгі себептердің бірі – жанар-жағармай бағасының қымбаттауы. Соңғы бір жылда оның құны 16 пайызға жуық өскен. Сонымен қатар, көлік қызмет көрсету шығындары, қосалқы бөлшектер мен агрегатор комиссиялары да артқан.

Осы жағдайға қарамастан, Павлодар облысының әкімдігі қоғамдық көлік жүйесін дамыту жұмыстарын жалғастырып келеді. Биыл автокомбинат автобус паркін толық жаңартты. Ал алдағы уақытта трамвай шаруашылығын жаңғырту жоспарланып отыр: кәсіпорынға 65 вагонды ауыстыру қажет.