Павлодарда кескіндемеші Валерий Приходьконың шығармашылығы жайлы дәріс өтеді

Павлодарда кескіндемеші Валерий Приходьконың шығармашылығы жайлы дәріс өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Мәдени шара Н.Нұрмұхаммедов атындағы облыстық көркемсурет музейінде болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

24 ақпанда сағат 11:00-де Валерий Приходьконың шығармашылығы туралы дәріс оқылады. Дәрісті қорлардың бас сақтаушысы, өнертанушы, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Елена Дубовая өткізеді. 

Айта кетейік, жуырда облыстық көркемсурет музейінде Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Валерий Приходьконың құрметіне көрме ашылды. Экспозицияда ұсынылған кескіндемелік туындылардың алуан түрлілігі шебердің көпжылдық жұмысын толықтай көрсетеді. Көрме 29 ақпанға дейін жұмыс істейді.