Павлодар облысында зейнеткер алаяққа 1400 АҚШ долларын тауып берген

Павлодар облысында зейнеткер алаяққа 1400 АҚШ долларын тауып берген
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

73 жастағы зейнеткер алаяқтардың құрбаны болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше,  6 қазанда  зейнеткерге қоңырау шалып көзіне жас алған қызы қорқынышты апатқа тап болғанын және темір тордың артына түсуі мүмкін екенін айтқан. Бұл жағдайдан шығу үшін 1400 АҚШ доллары керек екенін хабарлаған. Қорқып қалған зейнеткердің мұндай ақшасы жоқ болған, алайда қызының амандығы үшін аталған соманы тауып алып, курьерге берген.  

– Зейнеткер ақшаны курьерге бергеннен кейін қызымен байланысып, өзінің алданғанын түсінді. Олар осыдан кейін ғана полицияға жүгінді, – деді департаментте. 

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтық жасады деген күдікпен Екібастұз қаласының 26 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды.

Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі. Бұлтартпау шарасы - келу туралы міндеттеме тағайындалды. 

Полиция департаменті облыс тұрғындарынан қарт азаматтарға алаяқтар жайлы ескертудің маңыздылығы туралы  және оларға кейбір қауіпсіздік ережелерін үйретуді сұрайды.

Айта кетерлігі, жыл басынан бері өңірде алаяқтықтың 710 фактісі тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 379 фактіге аз.