Успен ауданында этникалық қазақтардың саны көбейіп келеді
Успен ауданының полиция бөлімі халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полицияның сервистік моделінің жобасын іске асыру шеңберінде өткен шараның мақсаты – көші-қон қызметі мемлекеттік қызметтерін электрондық форматта алу, шетелдіктердің келгені туралы хабарлама беру, Е-Qonaq қосымшасы арқылы мемлекеттік бажды Q-код арқылы төлеу.
Успен ауданы полиция бөлімінің аға инспекторы Жаннет Наукенова Қазақстан Республикасының азаматтығын алу мәселесіне қызығушылық танытқан ҚХР және Моңғолиядан жаңадан келген этникалық қазақтармен жұмыс кездесуін өткізді.
– Қазіргі уақытта қандастар ел аумағында тұрақты тіркеуді алумен қатар бір мезгілде азаматтығын алуға өтініш жасай алады. Бұл құжаттарды жинау тәртібін және мемлекеттік қызмет нәтижесін күту уақытын жеңілдетеді. 2023 жылдың 7 айында Успен ауданында 12 этникалық қазақ Қазақстан азаматтығын алды. Өткен жылы олардың саны 7 болған, – деп хабарлады көші-қон қызметінің аға инспекторы Жаннет Наукенова.
Сондай-ақ, бір терезе шеңберінде қандастар ХҚКО-ларда шетелдіктің ЖСН қалыптастыру, қандастар мәртебесін алу және ұзарту бойынша мемлекеттік қызметтерді ала алады. Барлық құжаттарды жинағаннан кейін ҚР аумағында және азаматтығын тұрақты тіркеу туралы өтініш жасай алады, содан кейін материалдарды мақұлдаған соң ҚР азаматының жеке куәлігін ала алады.
Айта кету керек, көші-қон қызметінің функцияларының бірі Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауды оңайлатылған (тіркеу) тәртіппен жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша өтініштерді қарау және оларды қарауға жіберу болып табылады. Бұл бағытта этникалық қазақтардың Қазақстан азаматтығын қабылдау тәртібін оңайлату үшін дәйекті шаралар қабылданды.