Павлодарда жайдарман маусымашары өтті

Павлодарда жайдарман маусымашары өтті
Фото: jaidarman_pvl

Байқауға оннан астам команда қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Қаланың жоғары оқу орындарының бірінде облыстық жайдарманның маусымашар ойыны өтті. Бұл додада облыстың 15 командасы өнер көрсетті. Аталмыш әзіл байқауында мектеп оқушылары да болды. 

– Ойын жақсы деңгейде өтті. Командалар маусымашарға қарқынды дайындалған. Бұл маусымашарда оқушылардан құралған командалар көзге түсті, – дейді ұйымдастырушы Алмаз Сәлденбеков. 

Айта кету керек, тек ғана Екібастұз қаласынан 8 команда келіп, өнер көрсетті. Көрермен көзайымы болған  Ақкөл ауылынан келген оқушылар құрамасы.