Неміс спортшысы павлодарлық рэпер әнімен жаттықты

Неміс спортшысы павлодарлық рэпер әнімен жаттықты
Фото: FITBOOK

Алика Шмидт жылдамдық арттырудың құпияларымен бөлісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Неміс жеңіл атлеті өзінің Instagram-дағы жеке парақшасында өзінің ерекше стилінде бірнеше қимылдарды көрсетті, оларды Скриптониттің «Не расслабляйся» әнімен орындады.

«Жылдамдықты арттыруға арналған менің сүйікті жаттығуларым», - деп жазды Шмидт өз жазбасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Alica Ѕchmidt | Olympian (@alicasmd)

2024 жылы неміс жүгірушісі Париж Олимпиадасында неміс құрамасының құрамында бақ сынасты. Алика Шмидт алдын ала жарыстарда 4x400 метрлік аралас эстафетаның екінші кезеңінде жүгірді, бірақ неміс командасы 16 команданың ішінде тек 15-ші орын алып, финалға шыға алмады.

Шмидттің ең жоғары жетістігі 2017 жылғы Еуропа жасөспірімдер чемпионатындағы күміс медаль болды.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Әділ Жалелов – Скриптониттің аталмыш трегінің сүйемелдеуімен гольф ойнаған. Рэпер 1990 жылы 3 маусымда Ленинский (қазіргі Атамекен) ауылында дүниеге келген.