Павлодарда үрмелі оркестрдің концерті өтеді

Үрмелі оркестрдің әуені қонақтарға жылу мен қуаныш сыйламақ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
21 маусым күні сағат 15:00-де мәдениет және демалыс саябағының сахнасында Естай атындағы мәдениет сарайының үрмелі оркестрі «Есть только миг» атты мерейтойлық концертін ұсынады.
Кеш қонақтарын талантты музыканттардың үрмелі аспаптармен үндескен сүйікті әуендері күтеді.